COVID-19: Қазақстан

Коронавирусқа қатысты елдегі жағдай

Енді коронавирусқа қатысты елдегі жағдайға тоқталып өтейік. Шілденің 11-індегі мәлімет бойынша Қазақстанда бір күнде 500-ге жуық адам сырқаттанып қалған.
Дертті жұқтырып алғандардың көбі – нұр-сұлтандықтар мен алматылықтар. Елордада науқас саны жүзден асса, Алматыда 200-ден асқан. Мамандардың айтуынша коронавирусқа шалдығу жайттары жиілеп барады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта 3 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Оның шамамен 400-і стационарда жатса, қалғаны амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда. 16 науқастың халі ауыр.

Данаш Хамзина