МТРА жаңалықтары

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында call-орталық ашылды

Интернет-алаяқтықтың түрлері мен тәсілдері. Телефонмен хабарласқан қудың сөзіне сеніп, алданып қалмау үшін не істеу қажет? Мамлют ауданында полиция қызметкерлері профилактика мақсатында call-орталық ашты.
Ауданның кез келген тұрғыны экранда көрсетілген нөмір /8 71541 2-15-65/ арқылы хабарласып мазалаған сұрағын қойып, мамандардың кеңесін ала алады. Сондай-ақ, орталықта отырған тәртіп сақшылары азаматтарға өздері хабарласып киберқылмыскерлердің қитұрқы әрекеттері жайлы ақпараттандырады. Күніне осылай 250-ге дейін қоңырау шалады. Ауданда жыл басынан бері аталған қылмыс түріне қатысты 4 факті тіркеліпті. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша түсіндіру жұмыстары неғұрлым көп жүргізілсе, интернет-алаяқтық фактілерінің саны да соғұрлым аз болады.

Данаш Хамзина