МТРА жаңалықтары

Жемқорлықпен күрес

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте алқа отырысы өтті. Жиында бірінші жартыжылдықтың қорытындысы тыңдалып, тәуекел картасы туралы айтылды.
Еліміздегі әр облыс пен ірі қалаларда кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленген. Белгілі бір өңірде тұрғындар алдында қандай әкімшілік кедергілер туындайды, шенеуніктер мәселені қалай шешеді, заңдағы қарама-қайшы тұстар – осының барлығы аталған жобада жазылған. Бұл мәселелердің соңы жемқорлықтың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Агенттік төрағасы Олжас Бектеновтің айтуынша тәуекелдер картасы аумақтық органдар үшін жемқорлықпен күресте бағыт-бағдар болуы тиіс әрі қызмет жұмысының сапасын бағалаудың негізгі құралына айналады. Жемқорлыққа қарсы қызметттің жұмыс сапасы бірнеше тәсілмен таразыланады. Бұл – ішкі бағалау мен қоғамдық бақылау. Нәтижесінде бейінді департамент басшысының өз міндетін қалай атқарып жатқандығы анықталады.


Данаш Хамзина