МТРА жаңалықтары

Тұрғындарды толғандырған мәселе шешімін табады

 

Базанасын білдірген бұқараға әкімдіктен жауап! Шаһардағы Порфирьев көшесі, 60 мекен жайы бойынша орналасқан үй 2021 жылдың қазанында тапсырылды. 72 пәтерлі баспананы «Зерттеу СК» серіктестігі тұрғызды. Алайда, әлі күнге дейін нысанда инженерлік желі жоқ. Мұндағы тұрғындарды ашындырып отырған да осы мәселе. Қалалық әкімдік ұсынған дерекке сүйенсек, ұзақтығы 1 айдан аспауы тиіс бұл іспен өзге компания айналысуы қажет. Шаруаға республикалық қазынадан 32,7 млн теңге бөлініп те қойыпты. Қазір проблеманы біржақты ету үшін арнайы жоба әзірленіп жатқан көрінеді. Жұмыс тамыз айында аяқталмақ. Кейін 72 пәтерлі үйге инженерлік желі тарту ісі бастау алады.


Байболат Култанов