МТРА жаңалықтары

СҚО-да биыл описторхоз жұқтырудың 13 жағдайы тіркелді

 

Балық жесеңіз байқап жеңіз. СҚО-да балықтан жұғатын описторхоздың 13 жағдайы тіркелді. Бұл – биылғы 6 айдағы статистика. Санитарлық-эпидемиологиялық департаменті мамандарының айтуынша биыл тіркелген деректер өткен жылғыдан көп емес.
Описторхоз инфекциялық ауру болып саналады. Дерт адам мен жануарға жұқса, олар да паразитті тасымалдауы мүмкін. Құрт ауруы карп тұқымдас балықтарда жиі кездесетін көрінеді. Дерттің алдын алу үшін балықты кем дегенде 15-20 минут бойы пісіріп-қуыру қажет, ал балықтан жасалған бәлішті пеште 40 минут бойы ұстауға кеңес береді мамандар. Үй жануарларын шикі балықпен тамақтандырмау керек.


Самал Жунусова