МТРА жаңалықтары

Ипотекалық несие көлемі өсті

 

Қазақстанда жыл басынан бері алынған ипотекалық несие көлемі өсті.

Ұлттық банктің мәліметінше, үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін тұрғын үй сатып алу үшін берілген қарыз көлемі 3,77 трлн теңгеден асты. Ал қаңтар айында бұл көрсеткіш 3,3 трлн теңге болған екен. Осылайша, жарты жыл ішінде қазақстандықтарға үлестірілген несиенің көлемі 14,2%-ға немесе 467,7 млрд теңгеге өсіп отыр. Тұрғындары ең көп ипотека рәсімдеген қалалардың бірі – Нұр-Сұлтан. Елордалықтар баспана алуға 1 трлн теңгеден астам қарыз-қаржы бағыттаған. Одан кейінгі кезекте Алматы қаласы мен Қарағанды облысы тұр. Ал Түркістан, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстары тізімнің соңғы жағына жайғасқан. Теріскейліктер биыл үйлі болу үшін банктерден 63,3 млрд теңге несие алған.


Дана Ешкенова