Спорт

Ақтауда 1 ұпай бұйырды

 

Кеше петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы Қазақстан кубогы аясындағы шымылдықашар ойынын өткізді. Бірінші турда жергілікті ұжым ақтаулық “Caspiy”-мен күш сынасты. Сырт алаңда өткен матч 1 де 1 есебімен аяқталды. Кездесудегі алғашқы голды солтүстікқазақстандықтар соқты. Небәрі 6-шы минутта Павел Яковлев қақпашымен бетпе-бет шығып, қанжығасын майлады. Дегенмен, екінші таймда таразы басы теңесті. Осылайша, қос клубтың қоржыны 1 ұпайдан толықты. Теріскейлік команданың Қазақстан кубогы аясындағы кезекті қарсыласы – қызылордалық “Kaisar”. Матч шілденің 16-сы күні Петропавлда өтеді.


Байболат Култанов