МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер елордада алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

 

Туыстарының баспаналарын жалған құжатпен саудалаған. Осындай күдікпен елордада 34 жастағы петропавлдық ұсталды. Жалдамалы пәтерде жасырынған баукеспе туыстарымен және таныстарымен байланысты үзген. Бірақ, қанша қашып, тығылғанымен оны өңір полицейлері іс-сапар барысында құрықтады. Мамандар алаяқтың орналасқан жерін анықтап, нұр-сұлтандық әріптестерімен бірге ұстаған. Қазіргі уақытта біреудің мал-мүлкіне қол сұққан теріскейлік Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында отыр. Жалпы, жыл басынан бері криминалдық полиция қызметкерлері 30 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, оның 10-ын құрықтаған.

Алдияр Айтпаев