МТРА жаңалықтары

Петропавл 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты төтеше жағдай жарияланбақ

Көктемде 2-Жылу электр орталығында болған апатқа байланысты Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Мұндай шешім шығару мәселесі шілденің 4-і күні қалалық әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында талқыланған.

Әзірге, түйткіл нормативтік-құқықтық актілер порталында қарастырылып жатыр. Нақты шешім 10 күннен кейін ғана жарияланбақ. Жергілікті әкімдік өкілдерінің сөзінше, егер шаһарда төтенше жағдай жарияланса, бұл қуат ошағындағы қайта қалыпқа келтіру жұмыстарының қарқын алуына септеседі. “Ал облыс тұрғындарына төтенше жағдай еш әсер етпейді”,- дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин.

Асқар Хабибуллин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
– Егер төтенше жағдай енгізілсе, біраз шаруа тездетіледі. Біріншіден, сараптама нәтижесін жуық арада ала аламыз. Қажетті метериалдар да тез арада жеткізіледі.

Дана Ешкенова