Мәдениет

Qyzyljar music fest

«Qyzyljar music fest» халықаралық фестивалі аясындағы 6-шы концерт Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өтті. Сахнада «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері өнер көрсетті. Оркестерге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Абзал Мұхитдин дирижерлік етті. Көрермендердің назарына “Шелковая лестница” опера-фарсы ұсынылды. Сонымен қатар, елордалық театр ұжымына облыс әкімінің атынан алғыс хат пен гүл себеті табыс етілді. Еске сала кетейік, бүгін кешке қаланың бас алаңында «Qyzyljar music fest» халықаралық фестивалінің жабылу салтанаты өтеді.


Самал Жунусова