МТРА жаңалықтарыҚұрылыс

Ғ.Мүсірепов ауданында биыл 4 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Ғ.Мүсірепов ауданында 34 орта мектеп бар. Биыл оның төртеуі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Соның бірі – Ефимовка орта мектебі. Білім ошағы 84-ші жылы салынған. Нысан ақталып-сырланғанымен, бүгінге де дейін күрделі жөндеу көрмепті. 40 жылдың ішінде тозыңқырап қалған білім ұясын жаңалауға “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы аясында 75 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

 

НҰРЛАН ЖАНАЛИН, Ефимовка негізгі мектебінің директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы
– Шынымен де әбден жүдеп кетті ғимаратымыз. Шатырдан су ағып, терезелер ыдырап кеткен. Осы ремонт қажет болды. 04,31 Шатыр түгелдей ауыстырылып жатыр. Жылыту жұмыстары жүріп жатыр, терезелер 100 пайыз ауыстырылды. Есіктер мен еден де 100 ауыстырылады.

Іске жауапты мердігер – көкшетаулық «Арлан-2004» серіктестігі.
Жөндеу жұмыстарына 25 адам жұмылдырылған. Оның бесеуі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында еңбекпен қамтылып отыр.
Мектепті күрделі жөндеу жұмыстары тамыздың 20-сына таман аяқталады.

ЭЛЬМИРА ҚАРАБАЕВА, Ғ.Мүсірепов ауданы білім бөлімінің басшысы:
– Тағы бір айтатын жағдай, осы күрделі жөндеу жұмыстарына жылу жүйесі қосылмаған болатын. Оны Ефимовка селосының қожалық серіктестігінің шаруашылығы «Буденый СК» ЖШС басшысы өз есебінен 6 млн-ға жуық қаржы бөліп, жылу жүйесін күрделі жөндеуден өткізеді.

Аудандағы 4 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін барлығы 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Қаржы республикалық және облыстық бюджеттерден бағытталып отыр.


Самал Жунусова