МТРА жаңалықтары

Тоқаев стресстік активтер нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

2022 жылдың 1-ші қаңтарында стресті активтердің мөлшері 2,3 трлн теңгені немесе банк жүйесі активтерінің 6%-ын құрады. Құжатта жеке инвесторларды қосу арқылы стресстік активтерді уәкілетті сатып алушылардың қолданыстағы тізімін кеңейту қарастырылған. Қазір бұл тізбеге Екінші деңгейдегі банктер, банктердің стрессті активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдары, проблемалық кредиттер қоры, коллекторлық агенттіктер енді. Жеке инвесторларға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қарыздарын ғана сатып алуға рұқсат етіледі. Агенттік тізілім жүргізетін және өзінің интернет-ресурсында белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялар туралы ақпаратты орналастырады. Сондай-ақ, аталған заң өндіріліп алынған мүліктің банктер мен микроқаржы ұйымдарының балансында болуы үшін 3 жылға шекті мерзімді белгілеуді көздейді.

Дана Ешкенова