МТРА жаңалықтары

Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады

Қазақстандықтар шілде айында 11 күн демалады. Осы айдың 6-сы ел тұрғындары Елорда күнін атап өтеді. Ол күн сәрсенбіге келіп отыр. Яғни, 1 күн демаламыз. Ал шілденің 9-ы мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айттың бірінші күнін қарсы алады.
Айта кетейік, Еңбек кодексінің 84-ші бабында Құрбан айттың бірінші күні жұмыс режиміне қарамастан демалыс болып белгіленген. Алайда, 9-ы сенбі болғандықтан демалыс күні ауыстырылмайды және ұзартылмайды.

Самал Жунусова