МТРА жаңалықтары

Новоишимское селосында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр

Ғ.Мүсірепов ауданының орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Қазығы өткен жылдың желтоқсанында қағылыпты. Құрылысқа жауапты мердігер – «ПМК-5» серіктестігі. Нысан тамыз айында салынып бітеді. Қазір істің 80 пайызы тындырылған.
Негізі, ғимараттың жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуықтайды. Кешен 2 қабатты. Оның құрылысына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

ӘДІЛБЕК ЖАРЫЛҚАПОВ, мердігер серіктестіктің прорабы:
– Бізде қазір кірпіш қалау жұмыстары жүріп жатыр. Ғимаратты жабу жұмыстары және электро-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Кірпіш қалау жұмыстары біткен соң әрлеу жұмыстары басталады. Оған тағы адамдарды тартамыз. Бізде қазір қалып тұрғаны аббаттандыру. Ол жұмыстар бізге қарамайды. Дегенмен де ішкі жұмыстар қалды. Сантехникалық жұмыстар мен су тарту жұмыстары қалды. Қалғаны толығымен бітті.

Нысан құрылысына 18 адам жұмылдырылған. Оның бесеуі жұмыспен қамту орталығы арқылы келіп отыр. Бұл жерде оңтүстіктен көшіп келген ағайын да жұмыс тапқан.

СЕЙДУЛЛА СЕЙІЛҰЛЫ, Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны:

–  1 ай болды. 23-ші мамырда келдім. Осы Новоишимканың артында бір ауылда тұрамын. 01,18 Жұмыспен қамту орталығындағы азаматтар мені осы құрылысқа өздері әкеліп, жайғастырып кетті жұмысқа. 01,15 Қазір баспалдақ істеп жатырмын. Төтенше жағдайда түсіп шығатын. 02,19 Бұған дейін құрылыста Жамбыл облысында істегенмін. Құрылыс саласында 20 жылдай жұмыс істеймін.

Қазіргі уақытта Новоишимское селосы халқының саны 12 мыңды құрайды. Олардың 30 пайыздан астамы дене шынықтырумен айналысады екен.

АСХАТ ОСПАНОВ, Ғ.Мүсірепов ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің сектор меңгерушісі:
–  Ауылда адам саны көбеюде. Сондықтан, екінші кешен салынып жатыр. Жақын жерде мектеп бар, темір жолдың жұмысшылары тұрады. Кешен сұранысқа ие болады. Бос тұрмайды. Ішінде фитнес, күрес залдары, үстел теннисі мен мини футбол, волейбол және баскебол алаңдары болады.

Салынып жатқан нысан – Новоишимское селосындағы екінші дене шынықтыру-сауықтыру кешені болмақ.

Самал Жунусова