МТРА жаңалықтары

Көрші елмен арадағы тауар айналымы өсті

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 9,2 млрд долларды құрады.
Оң динамика биылғы қаңтар мен мамыр айлары аралығында байқалып отыр. Екіжақты сауда-саттық көлемі 5 пайызға өскен екен. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша арадағы тауар айналымы 3 есеге артып, 24,2 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл туралы Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов “ИННОПРОМ” XII Халықаралық өнеркәсіптік көрме барысында мәлімдеді.

Данаш Хамзина