Білім

Жас маман – жаңа қадам

 

Жас маман – жаңа қадам. Өңірде осындай атаумен жас педагогтарға арналған тимбилдинг өтті. Шара барысында ұстаздар түрлі интеллектуалдық ойындарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты. 2 күндік тимбилдингке келгендердің қатарында Қуандық Жолтайұлы да бар. Ол Ақжар ауданына қарасты Талшық орта мектебінде тарих пәнінен сабақ береді.

Қуандық Жолтайұлы, Талшық орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Ақжар ауданы:
– Білікті спикерлер бізге тренинг өткізіп кәсіби біліктілігіміздің артуына ықпал етуде. Бұл жас педагогтар үшін өте маңызды.

Бұл облысымызда алғаш қолға алынып жатқан іс-шара дейді Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы орталығының директоры Еркебұлан Жұмашов. Айтуынша қазіргі күні педагогтардың мәртебесін арттыру, олардың кәсіби тұрғыды дамуы үшін мемлекеттен жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Өткізіліп жатқан тимбилдинг те сол бастамалардың бірі екен. Бұл жас педагогтарды жаңа оқу жылына дайындап, өз ісінің білікті маманы болуға ынталандыруға ықпал етпек.

Еркебұлан Жұмашов, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогты кәсіби дамыту орталығының директоры
–  Қазіргі таңда педагогтарға градация енгіздік. Жас педагогтарға өздерін біртіндеп дамытуға мүмкіндік пайда болды.

Жалпы, демалыс күндері таза табиғат аясында өткен педагогтар слетіне 50 маман қатысты. Мұнда жастар үшін қонатын орын, асхана мен өзге де жағдайлар қарастырылған. Мұндай шара енді өңірімізде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұрмақ.


Бердимурат Баймухан