Новоишимское селосында 50 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр

Құрылыс

16:50 4 Шілде 2022

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Новоишимское селосында салынып жатқан мына баспананың құрылысы 2021 жылдың мамыр айында бастау алды. 50 пәтерлі үй 90 пайыз қазақстандық материалдардан тұрғызылуда. Көпқабатты баспана алдағы тамыз айында қолданысқа тапсырылмақ.

Қабырғалары қаланып, ішкі жылу және жарық жүйесі орнатылды. Қазір терезелері тағылуда. Іске «ПМК-5» серіктестігі жауапты.

ӘДІЛБЕК ЖАРЫЛҚАПОВ, мердігер серіктестіктің прорабы,:
– 81-ші жылдан бері жұмыс істеймін құрылыста. Өзім тұрған елде де істегенмін. Үш 50 пәтерлі тұрғын үй құрдым және екі 12 пәтерлі және бір 18 пәтерлі үй тұрғыздым. Қазіргі уақытта бізде тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Басты монтаж жұмыстары – барлығы бітті. Сантехникалық жұмыспен, сырлау жұмыстарымен шұғылданып жатыр. Терезелер қойылып жатыр.

Құрылысқа 15 адам тартылған. Дені мердігер серіктестіктің өз жұмысшылары болса, қалғаны жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылған. Зинаида Письменная – білікті сылақшы. Аталған құрылыс компаниясында жұмыс істеп жүріп зейнетке шыққан нәзікжанды үйде қол қусырып отыра алмайтындығын түсініп, сүйікті қызметіне қайта оралған.

ЗИНАИДА ПИСЬМЕННАЯ, сылақшы:
– Сантехниктер жылу құбырларын орнатысымен біз оларды бірден жуып, бояуға кірісеміз. Сосын келесі қабатқа ауысамыз. Өзім 17 жасымнан сылақшы болып жұмыс істеймін. Қанша шаршасам да кәсібім өзіме ұнайды.

Бұл – Ғ.Мүсірепов ауданында салынып жатқан 5-ші 50 пәтерлі тұрғын үй. Баспаналар «Отбасы банкі» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үлестіріледі. 50 пәтердің 17-сі бір бөлмелі, 19-ы екі бөлмелі, қалғаны үш бөлмелілер.

АСХАТ ОСПАНОВ, Ғ.Мүсірепов ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің сектор меңгерушісі
– Нысан тамыз айында қолданысқа тапсырылады. Үйдің құрылысына бюджеттен 600 млн теңеден астам қаржы бөлінген. Жалпы ауданы 4204 шаршы метрді құрайды. Үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен бірге асфальттау мен брусчатка төсеу жұмыстары да жүргізілуде.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданда тағы 50 пәтерлік үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.


Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

Құрылыс саласындағы сапа мәселесі талқыланды
Шаһарда студенттер жатақханасының құрылысы қызу жүріп жатыр