Спорт

Әскери академия курсанты гір спортынан әлем чемпионы атанды

Ұлттық ұлан әскери академиясының курсанты гір спортынан әлем чемпионы атанды.

Бішкек қаласында гір спортынан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты додада әлемнің түпкір-түпкірінен 200-ден астам спортшы бақ таластыруда. Жарыста ел намысын Петропавлдағы Ұлттық Ұлан академиясының 1-ші курс курсанты Алмас Исенов абыроймен қорғады. Білекті жігіт 68 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Теріскейлік толағай Ресей, Түркіменстан, Беларусь, Қырғызстан сынды елдердің мықтыларын мойындатты. Жерлесіміз әрқайсысы 24 келі болатын қос гір тасын бастан 132 рет асыра көтерген.


Дана Ешкенова