МТРА жаңалықтары

Нәзипа Шанаи облыстық ҚХА-да болды

Кейін, Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі Нәзипа Шанаи облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысымен танысты.

Достық үйіндегі мамандар Нәзипа Ыдырысқызын ыстық бауырсақ пен тәтті-дәмділермен қарсы алды. Қазақтың күйі де орындалды. Кейін үкімет өкілі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында орналасқан әр шаңыраққа кіріп шықты. Мәселен, бұл – “Кентрон” армян этномәдени орталығы. Оның төрайымы – Светлана Малхасян.

Ал бұл – “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығы. Жуырда бұл орталыққа 30 жыл толыпты. Мұнда татар, башқұрт халқы өз әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, тілін балаларына дәріптеп, жиі бас қосып отырады. Бүгін де кішкентай Джамиль туған тілі – татар тілінде жұртшылыққа өлең оқып берді.

Жалпы, бүгінде өңірде 25 этномәдени орталық пен 150-ден астам бірлестік бар. Нәзипа Шанаи өз сөзінде Қазақстан халқы ассамблеясының маңыздылығын атап өтті.

Нәзипа Шанаи, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі
– Елде тұрып жатқан этнос өкілдерінің көбісі кезінде Қазақстанға өз еркілерімен келген жоқ. Олар зорлық саясатымен келген. Ал қазақтар бұл жандарға пана бола білді.

Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілі тұрады. Халықтың ауызбіршілігін нығайтып, береке-бірлігін сақтау – ассамблея міндеттерінің бірі.

Дана Ешкенова