Спорт

“KUANISH” қыздары тарап жатыр

Солтүстікқазақстандық “KUANISH” волейбол клубының қыздары тарап жатыр. Жақында жергілікті ұжымның инстаграм парақшасында Яна Дёминаның командадан кеткені жайлы ақпар жария етілді. Ал кеше байланыстырушы Александра Чировичтің келісімшартты үзгені мәлім болды. Естеріңізге сала кетейік, петропавлдық “KUANISH” биыл клубтар арасында өтетін әлем біріншілігіне қатысады. Қазір команда сапында қалған арулар осы жарысқа дайындалып жатыр.


Байболат Култанов