МТРА жаңалықтары

Қызметтік иттердің көмегімен 187 келі есірткі табылған

Қылмыспен күресте қызметтік иттердің көмегі орасан зор. Солтүстікқазақстандық полицейлерге тиесілі осындай 50 серік бар. Оның 24-і жергілікті кинологиялық орталықта тәрбиеленеді.
Алтауы қалалық полиция басқармасында болса, қалғаны аудандық бөлімдерде. Жуырда Грета есімді спаниель 25 жастағы қала тұрғынының жалдамалы пәтерін тінту кезінде 1 келі марихуана тауып алды. Жалпы, қызметтік иттердің көмегімен облыста жыл басынан бері 187 келі есірткі табылған. Оның 3 граммнан астамы – гашиш, 2,8 грамы – синтетикалық өнім, қалғаны – марихуана.  Қызметтік иттер биыл есірткі іздеуден бөлек 360-тан астам қылмыс пен құқықбұзушылық фактісін ашуға септескен. Оның 150-ден астамы – ұрлық.


Данаш Хамзина