Спорт

Жүзушілер ел біріншілігінен жүлделі оралды

Маусымның 21-і мен 25-і аралығында Тараз қаласында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Онда теріскейлік команда нұрсұлтандық пен алматылық құраманы алға жіберіп үздік үштікке енді. Барлығы – 2006-2007 жылғы 18 ұл-қыз бақтарын сынады. Ел біріншілігіне қатысқан спортшылардың арасында Егор Василенко да бар. Оның бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 10 жылдан асқан екен. Небәрі 15 жасында Қазақстан құрамасының мүшесі атаныпты.

ЕГОР ВАСИЛЕНКО, суда жүзуден өткен ел біріншілігінің чемпионы:
–  Бұған дейін көктемде болған Қазастан чемпионатында 2-ші орын алдым. Биыл Қазақстан құрамасына кірдім. Жарыс алдында өзімді психологиялық тұрғыда дайындаймын. Бапкеріме ризамын. Әрқашан қолдау көрсетіп, жарыстарға дайындайды.

Ал Ангелина Марченкоға денсаулығындағы бір ақауларға байланысты жүзумен айналысуға дәрігерлер кеңес берген екен. Бұл спортқа 8 жасында келген жасөспірім ел біріншілігінде жеке жүзуден екі күміс алқа тағынып оралды.

АНГЕЛИНА МАРЧЕНКО, суда жүзуден өткен ел біріншілігінің чемпионы
–  Жетістікке жету үшін тынымсыз жаттығу керек. Тіпті, көтеріңкі көңіл-күй де алға жетелейді. Болашақта бұл спорт түрімен айналысуды жалғастырамын деп ойлаймын. Себебі, денсаулық үшін өте пайдалы.

Елдің түкпір-түкпірінен 19 команда мен Қызғыстан спортшылары қатысқан жарыста өңір жүзушілері қоржынды 10 медальмен майлады. Оның үшеуі алтын, бесеуі күміс пен 2 қола.

МАКСИМ ЗАГОРОДНИЙ, аға жаттықтырушы
– Командамыз маусым соңында жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Жалпыкөмандалықесепте 3-ші орын алдық. Жарыста командамыздың ең жас мүшесі спорт шебері нормативін орындады.

Алдағы уақытта қазан айында өтетін республикалық кубокқа дайындалу үшін Зерендіде оқу-жаттығу жиынын өткізу жопарланып отыр. Жалпы, қазіргі таңда «Дельфин» олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бассейнінде 300-ге жуық жеткіншек жаттығады.


Самал Жунусова