МТРА жаңалықтары

Полицейлер такси жүргізушілерін тексеріп жатыр

Заңсыз такси жүргізушілері ерекше назарға алынды. Жергілікті тәртіп сақшылары қала бойынша жолаушы мен жүк тасымалдайтын жүргізушілерден рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру мақсатында рейд өткізіп жатыр.

Рейд барысында полиция қызметкерлері “Toyota” маркалы көлігін тоқтатты. Рөлде 54 жастағы ер адам отырған.

ЛЮФТ:

– Молодой человек, Вы в качестве кого едете? Пассажир? Такси вызвали? Такси же вызвали…) Запись с видеожетона по таксистам.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңсыз такси жүргізушілері қажетті тексеруден өтпейді, сақтандыру шартын жасаспайды. Яғни, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, жүктің сақталуына қатысты ешқандай жауапкершілік алмайды.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы
– Бүгін рейдтік іс-шара жүргізу барысында «Toyota» маркалы автокөлігін жүргізген Петропавл тұрғыны тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында аталған жүргізушіде салық органындарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы құжаттары болмаған. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа шешім қабылдау үшін жолданды.

Мұндай рейдтер үнемі өткізіліп тұрады. Іс-шара барысында мамандар заңды түрде тіркелген таксист жүргізушілерін де тексереді. Бұл тасымалдаушылардың қолдарында сақтандыру полисі мен техникалық төлқұжат болуы қажет. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері шетелде тіркеуде тұрған автокөліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынғанын еске салады.


Дана Ешкенова