МТРА жаңалықтары

Әзілі жараспаған петропавлдық 1 жылға сотталды

Әзілдеймін деп бас бостандығынан айырылды. Осыдан бірнеше ай бұрын Петропавл қаласының тұрғыны 102 желісіне хабарласып, Заводская көшесінің бойындағы үйлердің бірінде жарылғыш зат орнатылды деп айтқан болатын. Бомба жасырылды деген жерге келген мамандар ештеңе таппайды. Жедел-іздестіру шарасы барысында үйдің жанында жүрген масаң күйдегі ер адам қолға түседі. Тәртіп сақшыларына хабарласып жалған сөйлеген сол кісі болып шығады. 40 жас шамасындағы ер адамға қатысты сот үкім шығарды. Петропавлдық бір жылға бас бостандығынан айырылды.


Бердимурат Баймухан