МТРА жаңалықтары

СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам есірткі қылмысы анықталды

 

Жыл басынан бері өңірде 110 есірткі қылмысы анықталды. Оның 41-і – сату фактісі. Тәркіленген зиянды дүниенің көлемі 82 келіден асып жығылады. Оның екі келіден астамы – синтетикалық өнім. Еліткіш затты саудалап ұсталғандардың басым бөлігі – жастар.
Көктемде синтетикалық есірткімен ұсталған петропавлдық 19 жаста. Одан 63 граммнан астам синтетикалық зат тәркіленіп алынды. Солтүстікқазақстандық 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Самал Жунусова