Спорт

БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті


 

28-маусым – БАҚ қызметкерлері күні. Кәсіби мереке қарсаңында қаламы қарымды жандар арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Тартысқа толы сайыста қатысушылар шағын футбол, воллейбол, үстел теннисі, шахмат пен арқан тартудан бақ сынады. Бірінші болып шахмат мен теннисшілер сынға түсті. Мұнда “Qyzyljar” телеарнасының командасы мен меншікті тілшілер үздік атанды. Ал воллейболда Қозыбаев университетінің командасы топ жарды. Ең қызықты бәсеке футболшылар арасында өтті. Финалда “Муниципалдық телеарна” мен “Qyzyljar” жігіттері жан алысып, жан берісті. Бұл сында жеңіс тойын қарсыластар тойлады. Арқан тартудан меншікті тілшілер жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте 1-ші орын еншіледі. Жүлдегерлер кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.


Самал Жунусова