МТРА жаңалықтары

Мотивациялық кездесу

Жастарға мүмкіндік. Петропавлда осындай атаумен мотивациялық кездесу өтті. Шараны Алматыдан арнайы келген “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі” қоғамдық қорының өкілдері өткізді. Бұндай шараны өткізудегі мақсат – жастарды еңбекке тарту, мотивация беру.

АРМАН ӘУБӘКІР , “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі” ҚҚ, Алматы қаласы “

– Біз – “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі” қоғамдық қоры биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен “Жастарды әлеуметтендіру және оңалту” деген жоба атқарып жатырмыз. Республиканың барлық аймақтарында іс-шаралар ұйымдастырудамыз оффлайн форматта. Онлайн форматта да көптеген шаралар өткізудеміз. Осы жобаның аясында біз жұмыссыз жастарды тіркеп, олардың деректер қорын қалыптастырып, оны Жұмыспен қамту орталықтарына ұсынамыз. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы олардың тәжірибеден өтуіне және жұмысқа тұруына да ықпал етсек деген мақсат ұстанып отырмыз”.

Мамандардың айтуынша қазір қоғамда білім қуып, жұмыс істегісі келмейтін жандардың қатары қалыңдап бара жатыр екен. Бұл – алаңдатарлық жайт. Бұндай жастарды NEET санатына жатқызады. Қазақстандық қоғамда олардың үлесі 7 пайыздан асып отыр.

АРМАН ӘУБӘКІР , “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі” ҚҚ, Алматы қаласы 

– Аймақтағы кездесулерге сол өңірдің белгілі кәсіпкерлерін тартып, белгілі бір жетістікке жеткен тұлғаларын тартып, жастарға жетістікке жетудің қыр-сыры жайлы айтылады. Сонымен бірге, жұмыспен қамту орталығы, жастар ресурстық орталығы сияқты мекемелерден мамандар келіп, кәсіп ашудың қыр-сырын түсіндіреді, қандай құжат қажет екендігін айтады.

Жастардың жұмыс істеуге неге құлқы жоқ? 3 жыл бұрын “Жастар ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген зерттеу нәтижесінде бұның 5 себебі анықталған. Яғни, жалақының аздығы, тәжірибе мен жақын жерде жұмыс орындарының жоқтығы, балаларының кішкентай болуы мен ұйымдардағы жемқорлық.

АРМАН ӘУБӘКІР,  “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі” ҚҚ, Алматы қаласы
– “Құлықсыз жастардың саны қазір ресми статистика бойынша 300 мыңға жуық деп есептеледі. 3 млн жастардың 10 пайызы осындай. Бірақ, бейресми мәлімет бойынша одан да көп болуы мүмкін және бұл мәселе жылдан-жылға күрделеніп жатыр. Студенттердің басым бөлігі құлықсыз немесе NEET, яғни жұмыссыз жастарға айналып кетіп бара жатыр. Дұрыс зерттеулер жасалмайды: қанша мамандық керек бізге, қандай салаларды дамыту керек, қандай салалардың болашағы бар? Сол жағына дұрыс зерттеулер жүргізілмейді. Грант тағайындауда да соған мән беру керек. Гранттарды сол зерттеулердің нәтижесі бойынша тағайындау керек”.

Осы ретте мамандар жастарға заманның беріп отырған игілігін пайдалана отырып нәпақа табудың ретін ұсынып отыр.

АРМАН ӘУБӘКІР – “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі” ҚҚ, Алматы қаласы
– Біреуі мобилограф болғысы келеді, біреуі тігінші, біреуі тағы сонда мамандықтарды меңгергісі келеді. Осы ретте белгілі жетістікке жеткен кәсіпкерлермен онлайн форматта кездесу ұйымдастырамыз. Біз бірінші бәленбай адам тіркеп аламыз Қазақстан бойынша жұмыссыздарды. Сосын чаттар ашып, оларды әлеуметтендіру, оңалту бағытында тікелей қарым-қатынас ұстанып жұмыс істейміз, бағыт-бағдар береміз.

Арман Әубәкір жастардың бойында жауапкершілік пен өз-өзіне деген сенімділік қасиеттерін де дамыту қажет дейді. Сенімді адам қай салада болмасын жетістікке жетеді.