МТРА жаңалықтары

Жазғы лагерьлердегі жағдай туралы бейінді басқарма мамандары сұхбат берді

Осы мәселе жөнінде біз бүгін түстен кейін облыстық білім басқармасына хабарластық.
Осы ретте 2 ведомствоның берген мәліметі бір-біріне сәйкес келмеді. Білім басқармасының бөлім басшысы Мафруза Науанованың айтуынша облыста 15 емес 14 лагерь бар. Биыл оның 11-і жұмыс істемек. 8-і жұмысын бастапты, қалған екеуі қатарға келесі аптада қосылады. Нақты жұмыс істемейтіні – үшеу. Үшеуін үш айға қамдап, уақытында сенімгерлік басқаруға өткізу үшін алты ай уақыт жетпей қалған сыңайлы.

МАФРУЗА НАУАНОВА, СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:
– 3 лагерьдің жұмыс істемеу себебі мынада: оны сенімгерлік басқаруға тапсыруға қатысты конкурсты өткізуге дайындық жүріп жатыр. Қазіргі уақытта тиісті құжаттамасы әзір тұр. Конкурстың өтетін мерзімін күтіп жүрміз. Содан кейін лагерьде жөндеу жұмыстары басталады.

Самал Жунусова