ТЖ

СҚО-да жыл басынан бері 50-ден астам өрт оқиғасы тіркелді

Өткен аптада М.Жұмабаев ауданындағы Образец ауылында тұрғын үйлердің бірі отқа оранды. Тілсіз жау шарпыған аумақ 56 шаршы метрді құрайды. Оқыс оқиғаны себебі анықталды. 60-шы жылғы баспана иесі іште темекі шегіп, тұқылын сөндірмеген көрінеді. Абырой болғанда өзі аман қалды. Алайда, өртті сөндіру кезінде денесін күйік шалып, аудандық ауруханаға жеткізілген екен. Ал отбасының өзге мүшелері үйден уақытылы шығып үлгеріпті.

 ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Жалпы, жыл басынан бері облыста 350-ден астам өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 29 адам қаза тапты және 6 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Оған қоса 13 тұрғынға ыс тиді. Оның 4-еуі – бала. Бұл жандардың барлығы аман. Өрттен келген материалдық шығын 267 млн теңгеден асады.

Енді өзен-көлдердегі қауіпсіздікке келейік. Шомылу маусымы облыста ресми түрде маусымның 1-і күні ашылды. Алайда, өңірде күн ерте ысып, халық жағажайларға ақылды. Қолда бар дерекке сүйенсек, биыл 1 адам су құрбаны болыпты.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
 – Соңғы 9 жылда облыс бойынша демалыс орындарында 211 адам суға кетті, оның 33-і – бала. Облыс тұрғындары жабдықталмаған жерлерде шомылмауды және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймын. Балаларға да аса сақ болу қажет.

Құтқарушылар күн сайын шомылу орындарында рейд жүргізеді. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, парақшалар таратады.

Самал Жунусова