МТРА жаңалықтары

Сыртқы сауда айналымы

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында облыстың жалпы сыртқы сауда айналымы 343,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,3 есеге көп. Жекелей тоқталайық. Экспорт шамамен бір жарым есеге ұлғайып, түскен табыс 150,9 млн долларға жеткен. Кірістің негізгі бөлігі мал және өсімдік шаруашылығы өнімдеріне тиесілі. Ал импорт 1,2 есеге артып, жұмсалған қаржы 192 млн доллардан асып түскен.

Байболат Култанов