МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі кино актерлерімен кездесті

«Мағжан. Жаралы жолбарыс» сериалының түсіріліп жатқанына 10 күннен асты. Қазіргі күні Петропавлға келген бір топ актер мен түсірілім тобы есімі алты алашқа танымал жерлесіміз жайлы тарихи туынды жасауда. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов басты рөлдерде ойнайтын актерлермен кездесті.

Құмар Ақсақвлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Мағжан бабамыз жайлы кино түсіріп, кітап жазу, оның егемендік жолында жасаған ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау – жүрегі қазақ деп соққан әр адамның парызы. Қазіргі күні жергілікті билік тарапынан түсіріліп тобына қолдау көрсетіліп, барлық жағдай жасалып жатыр. Айта кеткен жөн, бірнеше күн бұрын аймаққа танымал журналист әрі Мұқағали фильмінде басты рөлде ойнаған актер Азамат Сатыбалды келген болатын. Әртіс Қызылжар өңірінің қонақжайлылығына тамсанып, өз алғысын айтуда.

Азамат Сатыбалды, «Мағжан. Жаралы жолбарыс» сериалының көркемдік жетекшісі:

Сөз соңында айта кетейік, Мағжан Жұмабаев туралы сериал көрермен назарына осы күзде ұсынылмақ.

Бердимурат Баймухан