Білім

“Білім берудің үздік менеджері” байқауының облыстық кезеңі өтті

Бүгін Оқушылар сарайында “Білім берудің үздік менеджері” байқауының облыстық кезеңі өтті.
Сайысқа қатысып жатқан педагогтардың еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы керек. Барлығы – 11 мектеп директоры сынға түсуде. Үміткерлер – аудандық және қалалық кезеңнен сүрінбей өткендер. Әуелде 30-дан астам ұстаз бәсекеге түскен. Облыстық кезеңге қатысып жатқан мектеп басшыларының екеуі – петропавлдық, өзгесі – аудандық білім ұяларының жетекшілері. Байқау жеңіпаздары тамыз айында өтетін педагогикалық қызметкерлердің конференциясында жарияланады.

Роза Сәркен, СҚО білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры:
– Байқау білім беру ұйымы басшысының кәсіби құзыреттілігінің өсуіне байланысты қызметінің тиімділігіне ықпал ету, сондай-ақ, білім беру ұйымдарына тиімді, озық және инновациялық менеджментті насихатттау мақсатында өткізіледі.

Дана Ешкенова