МТРА жаңалықтары

Петропавлда астыртын цех табылды

Петропавлда заңсыз алкоголь өнімі жасалып келген астыртын цех әшкере болды. Жасырын жерден аталған зат құйылған 8 мың данадан астам шөлмек табылды.
Петропавл тұрғыны қаланың қақ ортасындағы гараждардың бірінде алкоголь өнімін қолдан жасап, сатып келген. Тексеріс барысында, сондай-ақ, спирт толы 5 литрлік пластик ыдыстың 600-ге жуығы табылып, тәркіленіп алынды.
Жасырын жерде бос ыдыстар, қақпақ, ароматизатор концентраты мен ащы суды құюға арналған құрылғы жатқан. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Данаш Хамзина