МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында 4 бірдей заңсыз қоқыс үйіндісі табылды

Күн тәртібінен түспей тұрған қоқыс мәселесі. Тастай бой түйілген түйткіл түйіні тарқатылар емес. Мәселе бір жағынан шешілейін десе, соңынан келіп толығады. Облыс аумағында қоқыс полигоны аздай жуырда Қызылжар ауданында 4 бірдей заңсыз қоқыс үйіндісі табылды.
Төртеуі де Прибрежное селолық округінде орналасқан. Мамандар табиғаттың көркін қашырып, зиян келтіріп тұрған аумақты тексеріс барысында анықтады. Экологтар қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарды орындау аясында арнайы Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылдық округіне барған. Айыпты тұлғаларды анықтап, жауапқа тарту мақсатында іс жергілікті атқарушы орган мен облыстық полиция департаментіне жолданады. Жалпы, облыс аумағында 454 қоқыс үйіндісі анықталған. Соның 16-сы ғана заңдастырылған.

Данаш Хамзина