МТРА жаңалықтары

Қаңғырған мал айып тұрағына қамалды

Облыста айып тұрағына иесі заң бұзған көлік қана емес, иесіз жүрген мал да қойылады. Жыл басынан бері осындай 5 мыңға жуық жануар арнайы салынған шашпаға қамалды.
Адамның қарауынсыз қалған төрт түлік көп жағдайда жолға шығып кетеді. Бұл жағдай жол-көлік апатын тудыруы мүмкін. Кейде жоғалып кетіп, ұрылардың жеміне айналып жатады. Малын бейберекет жайып жібергендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408-ші бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Облыс аумағында қаңғырған малды қамауға арналған 230 айып тұрағы бар. 1 200-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды. Жануарлардың қатысуымен 4 жол-көлік апаты болды.

Данаш Хамзина