МТРА жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов ауданында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Ғ.Мүсірепов ауданындағы Ломоносов ауылдық округіне 4 елді мекен кіреді. Жергілікті жердегі қоғамдық тәртіпті 2016 жылдан бері Азамат Сыздықов қадағалап келеді. Айтуынша, қызметіндегі қиындықтардың бірі – елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасуы. Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында маманға жаңа үй берілді. Баспана жұмыс орнымен біріктірілген.

АЗАМАТ СЫЗДЫҚОВ, Ғ.Мүсірепов ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:
– Оның алдында Ломоносов ауылдық округінің Урожайное ауылында тұрдым. Осы үй салып, қазір ашылуы болып жатыр. Сол кісілерге алғыс айтамын. Міндеттерімді, жұмысымды атқаруға, жалғастыруға үлкен көмек болып отыр. Халыққа жан-жақты ашық, қолжетімді боламын.

Қос бөлікті нысанның аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Ломоносовка ауылының қақ ортасында орналасқан.

МӨЛДІР ТЕМІРБЕКОВА, ауыл тұрғыны,
– Мұндай опорный пункт ауылға өте керек. Азамат осыған дейін Урожайное ауылында тұрды. Қазір енді ыңғайлы.

Бұл – осымен облыста ерекше үлгіде салынған 5-ші учаскелік пункт.
Бұған дейін Мамлют пен Уәлиханов аудандарында ашылса, тағы біреуі Петропавлда пайда болды.

Самал Жунусова