МТРА жаңалықтары

Мас жүргізушілер ұсталды

Мас әрі көлік басқару құқығынан айырылған. Облыста автомобиль жүргізуге тыйым салынса да рөлге қайта отырған 2 адам ұсталды.

Қызылжар ауданының 42 жастағы тұрғыны осыдан 11 ай бұрын масаң күйде көлік жүргізгені үшін куәлігінен 7 жылға айырылған. Ал Тайынша ауданының 39 жастағы тұрғыны есірткі шегіп алып рөлге отырған. Оның өткен ақпан айында дәл осындай ерсі қылығы үшін көлік басқару құқығынан 8 жылға айырылғандығы белгілі болды. Аталған қос фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екеуіне ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін немесе 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы ықтимал. Жалпы, жыл басынан бері СҚО-да көлікті масаң күйде басқарған 416 жүргізуші ұсталды. Бұдан бөлек, көлік басқару құқығынан айырыла тұра ащы суға сылқия тойып алып рөлге қайта жармасқан 29 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дана Ешкенова