МТРА жаңалықтары

Асауға тұсау

Асауға тұсау! Маусымның 9-ы күні кешкілік Петропавл қаласының патрульдік полиция қызметкерлері Набережная-Хименко көшелерінің қиылысында «Toyota» көлігін тізгіндеген 43 жастағы жүргізушіні тоқтатады.

Медициналық тексеріс кезінде оның масаң күйде болғаны анықталды. Тәртіп ортақ, талап қатаң. Ережені елемеген облыс орталығының тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға автомобиль басқару құқығынан айырылды. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері өңір жолдарында ішімдік ішіп, рөлге отырған 450-ден астам адам ұсталған. Жалпы, осы күнге дейін облыс аумағында 96 жол апаты болды. 15 адам қаза тауып, 142 адам жарақат алды.