Жергілікті НЗМ-де спартакиада өтті

Спорт

20:48 10 Маусым 2022

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім ордасының ұстазы Дәулет Тоққожинді еске алуға арналған спартакиада бастау алды. Шараға Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Тараз бен Қарағанды қалаларындағы зияткерлік мектеп құрамалары мен жергілік БАҚ өкілдері қатысты.

Айнұр Закерьянова, Химия-биология бағытындағы НЗМ оқытушысы
– Бұл спартакиада біздің бұрынғы әріптесіміз Дәулет Тоққожинді еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Жарыс екі күнге созылады. Бүгін волейболдан және үстел ойындарынан жарыс өтеді”.

Жергілікті НЗМ ұжымы бірінші оралдық құрамамен волейболдан сынға түсті. Кездесу тартысты өтті. Қос тарап бар күш-жігерін салып ойнады. Жеңіс қонақтарға бұйырды.

Алтынбек Жанахметов, НЗМ оқытушысы, Орал қаласы /қаз/.
– Қиын ойын болды. Мықты қарсылас, біз 2 де 1 есебімен ұттық. Басты мақсат – осы топтан шығып жеңімпаз атану.

Құрамалар бір спорт түрімен ғана шектелген жоқ. Екінші сайыста шахмат ойыны бойынша өз бақтарын сынап көрді. Солардың бірі – Қанат Бисеков

Қанат Бисеков, НЗМ оқытушысы, Орал қаласы
– Шахматтан 3 ойын өткіздім. Алдыңғы екі қарсыласымды оңай жеңдім. Соңғы қарсыласымды ұту қиындау болды. Білікті шахматшы екен. Бүгін тағы бір шешуші ойын бар. Ертең 3 кездесу өткіземін.


Ертең спартакиада қатысушылары футзал, арқан тартыс және үстел ойындарынан сынға түседі.

Бұдан әрі оқыңыз

Жеңіліс…
«Қызылжар-2022» фестивалі өтті
“Qyzyljar” ФК УЕФА-дағы ықтимал қарсыластары белгілі болды
3 ұпай қоржынға түсті
Семсерлесуден ел чемпионаты өтіп жатыр
Мәдениет саласы қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті
Петропавлда жаппай жүгіруден жарыс өтті
Петропавлда Халықаралық Олимпиада күніне орай веложарыс өтті
Муайтайшылар әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болды
Кәсіпқой бокстағы жерлесіміздің кезекті жеңісі
Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында футзалдан спартакиада өтіп жатыр
Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнир өтіп жатыр