МТРА жаңалықтары

СҚО-да 5 айда 26 көлік апаты болды

Облыс жолдарында соңғы 5 айда 30-ға жуық көлік апаты болды.
Соның біреуінде көлік жанып кетті. Оқиға Тайынша ауданында тіркелді. Рөлдегі 22 жастағы жігіт алдында келе жатқан машинаны басып озамын деп кюветке құлаған. Өзі және 4 бірдей жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Ал 28 жастағы елордалық тұрғын Аққайың ауданында бұрылыста рөлге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Жігіт оқиға орнында қаза тапты. Өңірде жыл басынан бері болған 26 көлік апатының жетеуі – жылдамдықты асырудың салдары. 1 адам қаза тауып, сегізі жарақат алды. Ал 15 жағдайда жүргізушілер маневрдің қауіпсіз екендігіне көз жеткізбеген. Салдарынан апат болып, 5 адам қаза тапқан, 26-сы жарақат алған.

Данаш Хамзина