МТРА жаңалықтары

Петропавлда Мағжан туралы телесериалдың түсірілімі бастау алды

Облыс орталығында қазақ әдебиетінің классигі, ақиық ақын Мағжан Жұмабаев туралы телесериалдың түсірілімі бастау алды. Қазақстандық “CINEMA 28” киностудиясының ұжымы түсірілімді жергілікті университеттен бастады. Бұл эпизодта Мағжанның жастық шағы, білім алып жүрген кезі баяндалады.

Дәстүр бойынша бірінші сәтті дубльден кейін өнер ұжымы ақ тәрелкеге қолдарын қойып, кейін оны штатифке ұрып сындырады екен. Бұл фильмнің сәтті шығуы үшін жасалады. Түсірілімнің бастау алу сәтінде облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов өнер ұжымына табыс тіледі.

Тың туындыда Алаш ұлының жастық шағы көрініс табады. Тұңғыш жазылған өлеңдер жинағы, студенттік өмірі мен алғашқы махаббаты бейнеленеді. Туынды ақынның жастық шағы туралы болғаннан кейін оның рөлін 2 актер сомдайды. Мейірғат Амангелді Мағжанның 21 жастағы кезін бейнелейді.

МЕЙІРҒАТ АМАНГЕЛДІ, актер
– Сериалға кастинг болды. Өткеніме қаты қуандым. 0046 Бұл – мен үшін әрине үлкен мәртебе. Жауапкершілік. Өзімде аздап іште жақсы сезім және қорқыныш бар. 0128Жақсы дайындықпен келдік. Әртүрлі мағлұматтар алдық. Алаштанушылармен, Мағжантанушылармен сөйлесіп, талқыладық. Әлі де талқылау үстіндеміз. Түсірілім барысында оны тағы да дамыта түсеміз. Қолдан келгенше бәрін жасауға тырысамыз.

Тарихи туынды қалада кезінде ақын аяқ басқан жерлерде түсіріледі. Бас продюсер Назгүл Қарабалинаның айтуынша түсірілім барысы 25 күнге жалғаспақ. Барлығы 4 серия болады.

НАЗГҮЛ ҚАРАБАЛИНА, “Мағжан. Жаралы жолбарыс” телесериалының бас продюсері:
–  Әрине, сериалды өзіміздің Алматыда түсіру бізге оңай болар еді. Алайда, бұл Мағжан туралы болған соң оның туған жерінде түсіруді жөн көрдік. Локацияларды мұқият және ұзақ таңдадық. Петропавлда тарихи ғимараттар көп екен. Соған өте қуандық. Барлығы 56 локация болады. Көбісінде Мағжан Жұмабаев өзі болған, сабақ берген, тіпті, тұрған.

Жалпы, Мағжан Жұмабаев туралы тарихи көпсериялы туынды қазақ тілінде түсіріліп жатыр. Телехикая осы жылдың күзінде «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіліп қалуы мүмкін.

Самал Жунусова