МТРА жаңалықтары

Жемқорлықпен күрес

Солтүстік Қазақстан облысында 126 тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлім етті.

Мемлекеттік органда қызмет етіп жүріп, қосымша бизнеспен айналысқан жандар жауапкершілікке тартылады. ол адамдарды жұмысқа қабылдаған басшыларға да әкімішілік жаза тағайындалады.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Кейбір тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмеген. Соның ішінде мемлкеттік қызметкерлер бар, теңестірілген мемлекеттік органдар бар. Қазіргі уақытта 126 тұлға анықталды. Олар мемлекеттік қызметке келген кезде өздерінің жеке кәсіптерін туған-туысқандарына жаздырып берулері тиіс еді. Алайда, бұл іс-әрекетті атқармаған. Мұндай фактілер бойынша әкімшілік жаза көзделген – 200 АЕК көлемінде.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органға қызметке орналасуға келген адамды декларация тапсырмаса да жұмысқа қабылдаған жайттар анықталып отыр.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:
– Мысалы, бүгінде 6 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаржылық шараларды қабылдау бойынша, яғни, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әкімшілік тарапынан бұзғанын білдіреді. Бұндай адамдарды жұмысқа алған басшылар ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша жазаға тартылды.

Жыл басынан бері жергілікті департамент өкілдері ӘҚБтК-нің 154-ші бабы мен 680-ші бабы бойынша 10 әкімшілік материал толтырған. Оның ішінде 9 материал бойынша жалпы сомасы 2,6 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 6,3 млн теңге көлемінде алынған кіріс тәркіленді және 1 іс сотта қаралып жатыр.

Дана Ешкенова