Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін сөредегі шетелдік өнімдер 400 жұп жазғы тауармен толықты. Жаңа ассортиментпен танысып, сауда жасауға келгендердің бірі – Бақыт Сыздықов. Азамат өзіне жеңіл әрі ауа өткізетін аяқ киім алмақшы. Әзірге көңілінен мына қоңыр бәтеңке шығыпты.
Бақыт Сыздықов, қала тұрғыны:
– Жәрмеңке жайлы әріптестерімнен естідім. Беларусь елінен жеткізілген аяқ киімдер өте сапалы әрі ыңғайлы екен. Сондықтан, осы жерден аяқ киім алатын болдым. 01:50 Бағалары жақсы, қымбат емес. 02:07 Ассортименті де жақсы екен. Енді отбасымды осында әкелем.
Жәрмеңкеде кез келген адамның талғамынан шығатын аяқ киімнің түр-түрін кезіктіруге болады. Шетелдік меймандардың сөзінше, сауда алаңына күніне 100-ден аса адам келеді. Бір аптаның ішінде 500-ден астам тауар сатылған.
Диана Широва, сату жөніндегі менеджер, БР:
– Петропавлдықтарды аяқ киімдер жәрмеңкесіне шақырамыз. Тауардың барлығы таза былғарыдан тігілген. Оған қоса өнімнің басым бөлігі ортопедиялық. Жәрмеңкеде ерлер мен әйелдерге арналған ассортимент жетерлік. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 35-тен 43-ке дейін, ал ерлер үшін 40-тан 50-ге дейін бар.
Жәрмеңке маусымның 12-сіне дейін ғана жалғасады. Тұрғындар қажетті тауарды Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Самал Жунусова