МТРА жаңалықтары

Балалар жылы аясындағы профилактикалық шаралар

Полиция қызметкерлері жаз келісімен жасөспірімдер арасында профилактикалық шара жүргізуді жиілете түсті. Мамандар кешкілік уақытта, әсіресе, ойын-сауық орындарын аралайды. Тәртіп сақшылары облыс орталығында жыл басынан бері 90-ға жуық рейд өткізіп, түнде жалғыз жүрген балалардың әке-шешелеріне 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырған. Тағы 15 хаттама ұсақ бұзақылық жасаған жөспірімдерге қатысты рәсімделген.