МТРА жаңалықтары

Петропавлда бір күнде екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді

Петропавлда 1 күнде қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен 2 бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алғашқы оқыс оқиға маусымның 6-сі күні таңертең Набережная көшесінде болды. «Аudi» маркалы машинаның рөліндегі 28 жастағы петропавлдық маневр жасау кезінде мотоциклмен соқтығысқан. Соңғы аталған темір тұлпардағы 34 жастағы жүргізуші мен жолаушы жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаа жеткізілді. Дәл осы күні кешке Потанин көшесінде де жол-көлік оқиғасы болды. Мұнда «Renault Duster» мен скутер соқтығысқан. Салдарынан скутерді басқарған 15 жастағы жасөспірім түрлі дене жарақатын алды. Жалпы, жыл басынан бері облыста қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен 4 апат тіркеліп отыр.

Дана Ешкенова