МТРА жаңалықтары

Петропавл 2-ЖЭО-да құлаған мұржа демонтаждалып жатыр

Петропавл 2-ЖЭО-да құлаған мұржа демонтаждалып жатыр.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта орталықта өскемендік «КазтеплоСПЕЦСТРОЙ» серкітестігінің 400-ге жуық маманы жұмыс істеп жатыр. Жұмысшылар алдымен мұржаның сыртқы кірпіш қабатын бұзып алмақ. Бұл жұмысты бір апта ішінде аяқтайды. Содан кейін ғана жұмысшылар минералды плитадан тұрғызылған жылу оқшаулағышын бөлшектеуге кіріседі. Осылайша үстіңгі екі қабатты және темірбетон мұржасының өзін екі ай бойы 30 метрлік белгіге дейін қолмен бөлшектемек. Ал қалған құрылымды бұзу тамызда аяқталады деп жоспарланған. Жалпы, жылыту маусымында станция екі түтін мұржасы мен тоғыз қазандықтың есебінен жұмыс істейді. Бұл қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті дейді мамандар.

ДМИТРИЙ ЗАХАРОВ, Петропавл 2-ЖЭО директорының міндетін атқарушы:
-Мұржадан бөлек, орталықта өзге де күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда газ құбырының бір бөлігі қайта жаңғыртылуда. Биыл қараша айына дейін екі қосымша газ құбыры дайын болады. Нәтижесінде 9 қазандық бір уақытта жұмыс істейді және 2-уі резервте тұрады.