МТРА жаңалықтары

Өңірде еңгістік науқаны аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысында егістік науқаны толығымен тәмам. Теріскейлік аграрийлер 4 млн гектардан астам жерге тұқым сіңірді. Оның 3 млн гектарға жуығы дәнді және дәнді бұршақты дақылдар болса, 911 мыңы – майлы дақылдар. Қалғанына көкөніс егілген. Мамандар жерге себілетін тұқымның 100 пайызын жылытыпты. Енді аграрийлер алқаптарға минералды тыңайтқыш енгізуге кіріспек. Биыл 2,7 млн гектар жерге аталған дүниенің 170 мың тоннадан астамы сіңіріледі.

Бердимурат Баймухан