МТРА жаңалықтары

Аялдама әйнегін сындырған ер адам ұсталды

Ашуын аялдамадан алу жайттары Петропавлда жиілеп барады. Тіпті, әдетке айналды десе болады. Заманауи деп орнатылған дүниелердің жәй да сау тамтығы қалған жоқ. Ызаға булыққан – ғашық жігіт. Екі жас өзара келіспей қалған көрінеді. 28 жастағы “боксшы” жігіттің әйнек сындырғанын біреу телефонға түсіріп алған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабы – «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік материал жиналды.

Қанат Жұмабаев – қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің бөлімше бастығы 

– Аумақтың маңындағы куәгерлер сұрастырылды, бейнекамералар тексерілді. Соның нәтижесінде қаланың тұрғыны анықталды. Осы тұрғынға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша материал жиналып, әкімшілік сотқа жіберілетін болады. 

Ойланбай опық жеген жігіт 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін немесе 10 күнге дейін қамауға алынуы ықтимал әрі келтірген шығынның орнын толтырады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары М.Жұмабаев көшесіндегі аялдама павильон сындырған ер адамды да іздестіріп жатыр.