МТРА жаңалықтары

Сала ардагерлері естеліктерімен бөлісті

Сала ардагерлерімен кездесу! Петропавлда жас мамандар Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлерімен жүздесті.

Отставкадағы жерлестеріміз жауапты қызметті таңдаған жастарға 90-шы жылдары криминалистердің қалай жұмыс істегені туралы айтып берді. Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада 2000-шы жылдардың басында орын алған қылмыстарды ашу жайттары да тілге тиек етілді. Жалпы, бұл кездесуге 30-дан астам криминалист қатысты. Шенділердің арасында аудандық бөлімшелердің өкілдері де болды.

Бахтияр Шерязданов – қалалық ПБ жедел-криминалистика бөлімінің аға-криминалисі
– Криминалистің жұмысы өте қиын. Бұл жерде адам бойында шыдамдылық, табандылық қасиеттері болу қажет.