МТРА жаңалықтары

Премьер-министр Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамытуды тапсырды

Пандемия кезінде Қазақстанның ішкі туризмі дами түскен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел ішінде демалғандардың саны 50%-ға артқан. Бұл жайында Үкімет отырысында өткен жиында айтылды. Оң өзгеріске әрі қарай серпін беру үшін Премьер-министр туристік әлеуеті жоғары өңірлерде инфрақұрылым мен сервисті дамыту қажеттігін атап өтті. Одан бөлек әуе және теміржол жолаушылар тасымалын бір ретке келтіру керек деді. Сондай-ақ, Әлихан Смайылов Үкіметке еліміздің туристік нысандарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, СҚО-да Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту жоспарын тезірек жүзеге асыруды тапсырды.

Бердимурат Баймухан